Тұңғыш рет Қазақстанда Ұлттық брендті таңдайды

Nacionalnyy brend 0

Тұңғыш рет Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі байқауы өтеді. Байқауға ұлтына қарамастан жеке және заңды тұлғаларды қатыстыруды қабылдай алады.

Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ашық байқау көмегімен  үздік ұсынысты анықтау мен құру.

Байқаудың негізгі міндеттері:

  • халықаралық аренада Қазақстанның танымалдық және тартымдылық имиджін арттыру;
  • қазақстандықтардың отансүйгіштігін нығайту;
  • шетелдік инвестицияларды тартуда бірегей қазақстандық туристік объектілердің ақпараттық ілгерілетуіне жәрдемдесу.

Байқауға қатысу үшін: www.mic.gov.kz/kk/competition сайтқа тіркелу, өтінімді толтыру, логотип, слоган және тұжырымдаманы(концепция) енгізу қажет. Байқауға бұрын жарияланған және қолданылған брендтер, логотип, слоган мен патенттелген белгілер жіберілмейді.

Байқау екі кезеңнен өтеді және 31 тамыздан басталды: I кезең – интернет-қолданушылардың дауыс беруі, II кезең – Сараптау кеңесі алдында жұмыстардың тұсаукесері. Өтініштер қабылдауы 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін өткізіледі.

Жеңімпаз 5 000 000 теңге ақшалай көлемде сыйақымен ынталандырылады.

Байқаудың құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылады. Ұйымдастырушы – «Қазконтент» АҚ.