«Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі байқаудың ЕРЕЖЕСІ

Nacionalnyy brend 0

«Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін»

анықтау жөніндегі байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін» анықтау жөніндегі байқауды (бұдан әрі – Байқау) өткізудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.

Байқаудың құрылтайшылары - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Құрылтайшылар).

Ұйымдастырушы – «Қазконтент» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы).

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеті

 

1.1. Байқаудың мақсаты – ашық байқау арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін қалыптастыру жөніндегі үздік ұсынысты анықтау мен әзірлеу.

         Байқауға қатысушылар өз жұмысында брендтің Қазақстан Республикасын келесідей сипатта танытуға бағытталғанын ескеруі қажет:

         Қазақстан  –  мемлекеттігі XV ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған, тарих пен мәдениетке бай ел. Мұнда өзіндік ерекшеліктерін сақтаған көптеген этнос пен діни конфессиялар өкілдері мекендейді. Шығыс пен Батыстың тоғысқан тұсында орналасқан еліміз қазақстандықтардың бірегей мәдени сипатын айқындайды.

         Республикада қоғамдық келісім мен тұрақтылық барынша орныққан. Тәуелсіз Қазақстан халқы соғыс пен қақтығыстардан дін аман. Мұнда жұртшылық өздерін этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан қауіпсіз сезінеді.

         Қазақстандықтар әлемдегі білім деңгейі жоғары ұлттың бірі болып саналады. Жастары өршіл әрі отансүйгіш. Қонақжайлылық пен  толеранттық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, қалыптасқан отбасылық байланыстар, бауырмалдық пен кеңдік - халқымыздың басты құндылықтары саналады.

Қайталанбас табиғатымен көз тартатын еліміз үлкен туристік әлеуетке ие. Әлемде территориясының үлкендігі жөнінен 9-шы орын алуымен қатар, орман мен тауға, өзен мен көлге өте бай. Азық-түлік өндіруге де әлеуетті. Қазақстанның экологиялық тұғыдан таза әрі сапалы ауыл шаруашылық өнімдері көптеген елдің сұранысына ие.

Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда кәсіпкерлікті жүргізуге және шетелдік инвесторларға да қолайлы жағдайлар жасалған. Еуразия құрлығының қақ ортасында, тоғыз жолдың торабында орналасуының арқасында Қазақстанның көлік жолы әлемнің ірі нарықтарын тоғыстырып тұр.

Қазақстан ғылыми-техникалық прогрестің озық жетістіктерін тарту,  ұлттық білім беру жүйесін үнемі жетілдіру және ғалымдар мен өнертапқыштардың бастамаларын қолдау арқылы инновациялық экономиканы дамытуда.

Еліміз халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі, аймақтық ықпалды бірлестіктерді құрудың бастамашысы, сондай-ақ халықаралық қақтығыстарды реттеудің тиімді бітімгері. Әлемдік қауымдастық үшін де Қазақстан сенімді серіктес саналады. Елімізге ЕҚЫҰ-2010 Саммиті, 2017 жылғы Универсиада және «ЭКСПО-2017» сияқты ірі халықаралық іс-шараларды өткізудің сеніп тапсырылуы осының айқын дәлелі. Тағы бір тарихи жетістігіміз - Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы.

1.2. Байқаудың негізгі міндеттері:

1) халықаралық аренада Қазақстанның имидждік танымалдығы мен тартымдылығын арттыру.

2) қазақстандықтардың отансүйгіштігін нығайту;

3) Қазақстандағы бірегей туристік объектілерді ақпараттық тұрғыдан ілгерілетуге, шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ету.

 

  1. Байқаудың жұмысшы органдары

 

Байқаудың ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін Байқаудың Ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

Байқаудың жеңімпаз(дар)ын Сарапшылық кеңес анықтайды.

  1. Ұйымдастыру комитеті Құрылтайшылар мен Ұйымдастырушы өкілдерінен құралады. 

Ұйымдастыру комитетінің ерекше құзіреті мен міндеттеріне Байқауды ұйымдастыруды жалпы бақылау, Сарапшылық кеңестің жұмысына көмек көрсету, жеңімпаз(дар)ды таңдаудың форматы мен мерзімін анықтау,  Байқау қорытындысының салтанатты рәсімін өткізу және Байқауды БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеу жатады.

2.2. Ұйымдастырушы Ұйымдастыру комитетінің құжат айналымы мен үйлестіру жұмыстарын жүзеге асырады, Байқаумен бірге болатын барлық іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысты қызметтерді үйлестіруді, практикалық жетекшілік жасауды іске асырады, коммуникациялық қызметтерді орындайды.

Ұйымдастырушының ерекше құзіретіне мына қызметтер кіреді:

1) Ұйымдастыру комитеті қызметін жалпы қамтамасыз ету;

2) Байқау шеңберінде техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық және басқа да мәселелерді шешу;

3) Ұйымдастыру комитетінің атынан үшінші тараппен ынтымақтастық туралы келісімдер жасау;

4) Сарапшылық кеңестің жұмыстарын ұйымдастыру;

5) БАҚ-пен қарым-қатынас;

6) Байқаудың мұрағаты мен ақпараттық базасын қалыптастыру;

7) Байқауға серіктестер тарту.

2.3. Объективті, кәсіби және тәуелсіз бағалау жұмысымен қамтамасыз ету мақсатында Сарапшылық кеңестің құрамына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, PR және маркетинг салалары мен сабақтас салалардағы танымал сарапшылар, сондай-ақ қоғам өкілдері де кіреді. Сарапшылық кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірлескен Жарлығымен бекітіледі.

Сарапшылық кеңестің ерекше құзіретіне онлайн-дауыс беру нәтижесінде іріктелгендер арасынан ең үздік Байқау жұмыстарын сараптамалық дауыс беру кезеңінде анықтау жатады. Ұсынылған жұмыстар көрсетілген талаптарға толық сәйкес келмеген жағдайда Сарапшылық кеңес екі немесе одан көп жеңімпаз(дар)ды таңдау құқығына ие болады, сонымен қатар бірыңғай брендті қалыптастыру мақсатында олардың жұмыстарын қолданады.

 

II.Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

 

Байқауға жеке және заңды тұлғалар азаматтығы бойынша шектеусіз қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық брендін анықтау жөніндегі Байқауға қатысушылар мыналарды ұсынуы тиіс:

1. Логотип – әлемдік аренада Қазақстанның танымалдығын арттыру үшін қолданатын графикалық белгі (эмблема/символ). Онда стильденген әріптер және/немесе сөз түрінде сәйкестендірген брендтің атауы  көрініс табуы қажет. Логотип jpeg, png, giff форматтарда, 1000x1000 px көлемінде ұсынылуы тиіс.

2. Ұран – туристік және инвестициялық тартымдылықты арттыра отырып, қазақстандық брендке деген сенімділігін күшейту арқылы мақсатты аудиторияның назарын тартуға арналған жарнамалық коммуникацияның барлық түрінде қолданылатын хабарламаны сипаттайтын имидждік девиз болып табылады. Ұран оңай оқылатын, жинақы, қызығушылық туғызатын болуы тиіс және мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы керек.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық брендінің тұжырымдамасын еркін форматта мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындап, ұсынуға болады.

Тұжырымдамада бренд-бук форматында брендті түрлі  имидждік өнімдерге (қаламсап, салпыншақ, белгіше, жейде, бейсболка және тағы басқалар) қондырудың үлгілері, сондай-ақ билборд макеттері, электрондық және баспа БАҚ-тың жарнамалық модулдері, веб-сайт баннерлері, брошюралар, парақшалар және басқа да өнімдер ұсынуға болады.

Сондай-ақ, тұжырымдамада жұмыстың ортақ идеясы сипатталып,  ұсынылған ұран мен логотиптердің негіздемесі бойынша түсініктеме берілуі тиіс.

 

III. Байқау жеңімпаз(дар)ын анықтау мен дауыс беру тәртібі

 

1. Дауыс беру тәртібі

1.1. Байқаудың өткізілуі мен қорытындысы туралы ақпарат Байқаудың ресми Интернет-ресурсы - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтындағы арнайы бөлім (бұдан әрі – Ресми сайт) мен БАҚ-та жарияланады.

1.2. Байқауға өтінімдерді жинау Ресми сайтта өзін-өзі ұсыну форматында, электрондық түрде, өтінім формасына сәйкес жүзеге асады.

1.3. Байқауға қатысушыларға электрондық пошта арқылы өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.

1.4. Байқауға қатысушылардан түскен барлық өтінімдер Ресми сайтта жарияланады.

1.5. Байқауға бұрын жарияланған немесе қолданылған брендтер, логотиптер, ұрандар мен патенттелген белгілер қабылданбайды.

1.6. Үміткер-жұмыстар өтінімдерін қабылдау мерзімін Ұйымдастыру комитеті анықтайды.

2. Бірінші кезең: Интернет-қолданушылардың дауыс беруі

2.1. Ұйымдастырушы Байқауға қатысушылар арасындағы ұнаған үміткер-жұмысты таңдауы үшін барлық интернет-қолданушыға онлайн-дауыс беру мүмкіндігін ұсынады.

2.2. Интернет желісінде ұсынылып, жарияланған өтінімдер бойынша дауыс беру ол жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде іске асады. Дауыс беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген дауыстар жарамсыз болып есептеледі.

2.3. Дауыс беру электрондық пошта адресі арқылы түпнұсқалықты анықтау (аутентификация) арқылы Ресми сайтта жүзеге асады.

2.4. Дауыс беру нәтижесі бойынша Ресми сайтта ең көп дауыс жинаған кемінде 5 (бес) үміткер-жұмыс анықталады.

3. Екінші кезең: Сарапшылық кеңестің жұмысы және жеңімпаз(дар)ды анықтау

3.1. Екінші кезеңге өткен үміткерлер жұмыстарын авторлардың өздері Ұйымдастыру комитеті белгілеген форматта, уақытта және орында Сарапшылық кеңесте таныстырады.

3.2. Байқауға үміткер-жұмыстардың таныстырылымы Ұйымдастыру комитеті анықтаған БАҚ-тың бірінде хабарлануы мүмкін.

3.3.Сарапшылық кеңестің әрбір мүшесі жұмысты 0-ден 10 ұпайға дейінгі шкала бойынша бағалайды. Ұпайлар төменде көрсетілген әрбір параметр бойынша белгіленеді.

ЖҰМЫСТЫ ТАҢДАУ ПАРАМЕТРЛЕРІ

ҰПАЙЛАР

  1.  

Идеяның жаңашылдығы мен қайталанбастығы

 

  1.  

Жеңіл қабылдануы мен оңай есте қалуы

 

  1.  

Елдің ерекшеліктерінің көрініс табуы (мәдениет, әдет-ғұрып, индустрия, туризм, құндылықтар)

 

  1.  

Көркем образдың жинақылығы

 

 

  1.  

Орындалған жұмыстың эстетикасы мен сапасы

 

  1.  

Стандарттан тыс техника мен көркем материалдарды қолдану

 

 

  1.  

Стильдің өміршеңдігі

 

  1.  

Тартымдылығы

 

  1.  

Елдің инновацияны дамыту және енгізуге деген ұмтылысын бейнелеу

 

  1.  

Отандық, сонымен бірге халықаралық аудиторияға бағдарлануы

 

  1.  

Функционалдылығы

 

 

3.4.Жұмыстарды бағалау қорытындысында Сарапшылық кеңес бағалау парағына тиісті ұпайларды белгілеу жолымен Байқау жеңімпаз(дар)ын анықтайды.

3.5. Байқаудың жеңімпаз(дар)ы туралы мәлімет, сонымен қатар Байқаудың қорытынды баспасөз-парағы бұқаралық ақпарат құралдары мен Ресми сайтта жарияланады.

 

IV. Қорытындылау салтанаты

 

  1. Байқаудың қорытындысын шығару салтанаты (бұдан әрі - Салтанатты шара) Ұйымдастыру комитетінің ұйымдастыруымен арнайы іс-шара ретінде мерекелік сипатта өткізіледі.

2.Мерзімі, уақыты мен өтетін орнын  Ұйымдастыру комитеті анықтайды.

3. Байқаудың жеңімпаз(дар)ын салтанатты шара барысында жариялайды.

4. Салтанатты шараға Бас жүлдені беру үшін Сарапшылық кеңестің ұсынысымен Байқау жеңімпаз(дар)ы мен қатысушылары шақырылады.

 

V. Жүлде қоры

 

1. Жеңімпаз 5 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға ие болады.

2. Жеңімпаз біреуден артық болған жағдайда жүлде қоры олардың арасында теңдей бөлінеді.

3. Байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткер-жұмыстардың авторы 200 000 теңге көлемінде ақшалай жүлдемен ынталандырылып, Байқауға қатысушы сертификатына ие болады.

4. Диплом Сертификат түрінде беріледі, онда жеңімпаз(дар)дың тегі, аты-жөні, жұмыс орнының атауы және дауыс беру қорытындысы жөніндегі мәлімет болады.

 

VI.Байқаудың айрықша шарттары

 

1. Байқаудың қорытындысы бойынша Ұйымдастыру комитеті кәсіби студиямен бірлесе отырып, Байқау жеңімпазы жұмысының негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық брендінің қорытынды моделін дайындайды.

2. Байқау жеңімпаз(дар)ымен атауды қолдануға айрықша құқықты, ұранды, бірыңғай үлгідегі сапада логотип эмблемасын, cонымен бірге байқауға олар (ол) ұсынған барлық көрнекі графикалық шешімдерді, соның ішінде ұран мен логотипті, брендтің атауын қолдану мен көбейту, көпшілікке көрсету құқығын байқау Құрылтайшысына беру туралы келісімшарт жасалады.

3. Жұмыстардың ешқайсысы осы Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда немесе ұсынылған жұмыстар саны жеткіліксіз болса, Байқау ұзартылуы мүмкін.

4. Жұмыстар осы Ереженің көрсетілген талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Сарапшылық кеңес жеңімпаз(дар)ды таңдаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

 

VII. Байқау ережесін өзгерту

 

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірлескен шешімімен толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.