Консулдық бөлімінің жаңалықтары

Жол жүру құжаты:

- 16 жастан үлкен азаматтар үшін - Қазақстан Республикасының паспорты немесе жеке куәлігі;

- 16 жасқа дейінгі азаматтарға -  паспорт немесе туу туралы куәлік және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілілігін көрсете отырып, 16 жасқа толмаған балалар үшін анықтама-жапсырмасы бар (суреті бар) туу туралы куәлік, немесе баласы туралы мәліметі бар ата-анасының паспорты.

 

Тіркелу:

- егер Қазақстан азаматы Қырғызстанда 30 күннен артық болатын жағдайда, ол бес күннің ішінде уақытша тұрып жатқан жеріндегі тіркеу қызмет органдарында (төлқұжат үстелі) тіркелуі қажет.

- 30 күндік мерзімге дейінге келген Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Қырғыз Республикасының аумағында және Қырғыз Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы Келісімге  сәйкес міндетті түрдегі тіркелуден босатылады.